Канадада аптап ыстықтан 130-дан астам адам қайтыс болды

Канадада аптап ыстықтан 130-дан аса адам көз жұмды.

Бұл туралы BBC хабарлайды.

Сейсенбі күні Британдық Колумбия провинциясында ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілді.

Қайтыс болғандардың басым көпшілігі егде жастағы адамдар.

Қазір жергілікті тұрғындар аса мұқтаждықсыз үйлерінен шықпауға тырысады. Әдетте жазда термометр бағаны 30-дан аспайтын болғандықтан, Канадада ғимараттарға салқындатқыштар орнатыла бермейді.