Эквадорда консервіленген балық ішіне тығылған 7 тонна кокаин тәркіленді

Эквадорда полиция консервіленген балық ішіне тығылған 7 тоннадан астам кокаинды ұстады.

Заңсыз жүк осы елдің Гуаякиль қаласынан Испанияға жіберілмек болған. Бірақ үйретілген иттер тексеру кезінде кемеге тиелгелі жатқан 2 контейнерде кокаин барын сезіп қойған. Полиция оның қара базардағы құны 333 миллион доллар болатынын айтады.

Таня Варела, Эквадор полициясының басшысы:

- Бұл біздің полиция қызметіндегі ең бір елеулі операция. Бұрын-соңды портта дәл мұндай ірі көлемде есірткі тәркіленбепті. Қазір осы істің артында қандай қылмыстық топ тұрғанын анықтап жатырмыз.

Полиция амфетаминнің 1 млн таблеткасын тапты 

Ал Сауд Арабиясы полициясы Джидда портында каптагон деп аталатын химиялық есіртікінің 1 миллион таблеткасын қолға түсірді. Қылмыстық топ оларды апельсиндердің арасына салып алып өтпек болған.

Сондай-ақ...