424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде қайтадан вакциналау басталды

  • 596
  • UPD: 15:34, 01.07.2021
Ресейде қайтадан вакциналау басталды

Ресейде коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны басталды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, халықты қайта вакциналау елде ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша жарты жылда бір рет жүргізіледі. Азаматтар елде бекітілген кез келген вакцинаны тегін ала алады. Егер алғашқы екпе салдырған кезде жағымсыз әсер болса, қайта вакциналау кезінде өзге екпені таңдауына рұқсат етілген.

Хабар 24 телеарнасы