424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай компартияның 100 жылдық мерейтойын атап өтті

  • 73
  • UPD: 17:33, 01.07.2021
Қытай компартияның 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Бейжің қаласының басты алаңында өткен салтанатқа 70 мыңдай адам жиналды.

Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекет жүзжылдықта алғашқы мақсатына жеткенін мәлімдеді. Бұл – кедейлікті жою мен орта ауқатты қоғам құру. Келесі мақсат  — «Қытайды барлық жағынан ұлы заманауи социалистік мемлекетке айналдыру».

Оған 2049 жылы Қытай Халық Республикасының 100 жылдық мерейтойында жету міндеті тұр. Си Цзиньпин орталық үкімет Гонконгта тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Тайваньда сепаратизмды жою үшін табанды қимыл ететінін мәлімдеді. Қазір Қытай коммунистік партиясы мүшелерінің саны 95 миллионнан асты.

 

Хабар 24 телеарнасы