«Оскарға» жаңа ережелер енгізіледі

«Оскар» премиясына жаңа ережелер енгізіледі.

Америкалық киноакадемия енді «Үздік фильм» номинациясына 10 фильм ұсынылуы керек екенін жариялады.

Мұндай ереже қысқа анимациялық, деректі және көркем фильмдерге де қатысты. Енді бұл номинацияларға 15 үміткер қатыса алады.

Сондай-ақ жаңа ережелер музыкалық номинацияларға әсер етті: енді ең үздік саундтрек бойынша «Оскар» алу үшін ол фильмнің кем дегенде 35%-інде шырқалуы керек, бұған дейін картинаның 60%-інде қосылуы керек еді. Бір фильмнен кем дегенде бес ән «Үздік ән» номинациясына үміткер бола алады.