Тбилисиде «туристік коронавирус» тарады

Грузияда жаз маусымы басталып, шетелден келетін қонақтар саны артты.

Осыған байланысты «туристік ковид» деген жаңа ұғым қолданысқа енді. Өйткені елге келгендер арасында коронавирус жиі анықтала бастаған. Ауырып келгендер толық жазылғанша, емін өздері төлейді. Ковид-мейманханасындағы бір тәулік –  шамамен 30 доллар. Ковидпен келген саяхатшылар арасында Қазақстан азаматтары да бар. Сондықтан Қазақстан елшілігі отандастарымызға алдын-ала медициналық сақтандыру полисін рәсімдеуге нұқсау беріп отыр. Полис арқылы коронавирусты емдеуге кеткен шығынды қайтарып алуға болады.

Амиран Гамкрелидзе, Грузия аурулар мен қоғамдық денсаулықты бақылау орталығының директоры:

Соңғы бір айда 400-ден аса туристен коронавирус анықталды. Олар әрине оқшауландырылды. Ауруды жұқтырудың жиілеп кетуінің бір себебі жұрт әрі-бері көп қатынайтын болды.

Бір қызығы елде біртіндеп шектеулер алына бастады. Бүгіннен бастап коменданттық сағаттың күші жойылды. Бұл ел тұрғындары мен қонақтарды қуантқанмен, дәрігерлерді алаңдатып отыр. Өйткені эпидахуал қайта нашарлап барады. Күн сайын бір мыңнан аса науқас анықталып жүр. Бұл жаз басындағы көрсеткіштен екі есе көп. Кейбіреуінен тез жұғатын дельта штамы шыққан.

Тамар Габуния, Грузия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Соңғы тәулікте дельта штамын жұқтырған 7 науқасты тіркедік. Бұл оның елде тарап кеткенін білдіреді. Шамамен үлесіне 10-нан 20 проценті тиіп тұр. Әрине саны әрі қарай да өсуі мүмкін.

Індетке қарсы басты шара – вакциналау баяу жүріп жатыр. Бүгінде Грузия халқының 3 процентіне ғана екпе егілген. Бұған себеп – препараттарды жеткізудегі қиындықтар. Алайда үкімет осы айда бір миллион вакцина әкелінетінін жариялады.

Авторлары: Юлия Тужилкина