424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде Сovid-тен кейін мамандық ауыстырғандар көбейген

  • 371
  • UPD: 23:51, 01.07.2021
Әлемде Сovid-тен кейін мамандық ауыстырғандар көбейген

Чехияның еңбек нарығында ерекше құбылыс байқалып отыр.

Індеттен кейін елде қызмет көрсету маманы жетіспей жатыр. Кезінде осы салада жұмыс істегендер бұрынғы кәсібіне оралғысы келмейді. Себебі жұрт локдаун кезінде жаңа мамандық игеріп алған.

Осыдан бір жыл бұрын Якуб Брест Прагадағы ең үздік 10 аспаз қатарында болған. Хас шеберді «мишлен жұлдызына» ие Париждегі мейрамхана жұмысқа алмақ болды. Алайда карантин жарияланып, ол елден шыға алмады. Ал кейін мейрамханалар жабылып, тіпті жұмыссыз қалды. Бірнеше ай бойы үміт үзбеген Якуб соңында автокөлік жөндейтін шеберханаға жұмысқа тұрды. Бүгінде осы саланың шеберіне айналды.

Якуб Брест, дәнекерлеуші:

Бұрынғы кәсібімді сағынып жүрген жоқпын. Отбасым үлкен, аспаздық енді хоббиім, жақындарыма дәмді тағамдар дайындаймын. Бұрынғыдай ақша тауып жүрмін. Бірақ шеберханада  аз шаршаймын және отбасымды жиі көретін болдым.

Прагада осындай бірнеше мың адам бар. Осыдан жарты жыл бұрын қызмет көрсету саласының мамандары жұмыс іздеп әлек болса, бүгінде жағдай мүлдем өзгерді. Аспаздар мен әкімшілерді жалдай алмағандықтан, қаладағы 8 кафе әлі ашылған жоқ. Пльзень қаласында бір той ұйымдастырушысы үшін 4 компания таласып жүр. 

Мартин Миштафович Прага қаласы еңбек биржасының заңгері:

Адамдар қол жұмысымен де ақша табуға болатынын түсінді. Бұрын мұны қара жұмыс деп менсінбейтін. Қазір аниматорларға, гидтерге сұраныс көп. Бірақ осы іспен айналысқандар өзге салаларда табысқа жетіп, бұрынғы кәсібіне оралғысы келмейді.

Сондай-ақ, жаңа мамандық игергендер тұрақтылықты бағалайды. Індеттің жаңа толқыны басталса, табыссыз қалмайтынына көзі жетті. Ал үкімет күзде індет қайта өршуі мүмкін дейді.

Авторлары: Александр Грэс, Дмитрий Лукша и Павел Нэвид

 

Хабар 24 телеарнасы