Роналдудың Instagram-дағы жарнамалық жазбаларының құны белгілі болды

Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың Instagram-ы жарнама үшін ең қымбат деп танылды.

Бір жарнамалық жазба үшін «Ювентустың» шабуылшысы орта есеппен 1,6 млн доллар алады, деп хабарлады ВВС Hopper HQ маркетингтік компаниясы жасаған рейтингке сілтеме жасап.

Екінші орында 250 млн оқырманы бар америкалық актер Дуэйн «Жартас» Джонсонның аккаунты тұр. Жарнама берушілер үшін бір жазба 1,52 млн доллар тұрады.

Ең қымбат үштікті америкалық әнші Ариана Гранде жапты. Оның парақшасына жарнама орналастыру үшін орта есеппен 1,51 млн доллар қажет.