424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада шіркеулер өрті жиілеп кетті

  • 109
  • UPD: 10:44, 02.07.2021
Канадада шіркеулер өрті жиілеп кетті

Канадада осымен алтыншы шіркеу өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы 100 жылдық тарихы бар Сен-Жан-Батист ғибадатханасы күлге айналды. Айта кетейік, соңғы уақытта Канадада католик шіркеулерін өртеу мен діни қызметкерлерге жасалатын шабуыл жиілеп кеткен. Сарапшылардың сөзінше, бұл оқиғалар католиктік шіркеумен байланысты мектеп-интернаттар аумағында табылып жатқан жүздеген оқушының мәйітімен байланысты болуы мүмкін. Тек соңғы айдың өзінде аталған оқу орындарының аумағынан мыңнан астам баланың денесі табылған.  

 

Хабар 24 телеарнасы