Данияда Ганс Христиан Андерсен атындағы музей ашылды

Данияда әлемге әйгілі балалар жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің музейі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени нысанның басым бөлігі «Оттық» ертегісіндегідей жер астында орналасқан. Ал музей ішіндегі әр экспозиция әдебиет майталманының туындыларынан сыр шертеді. Жоба авторларының айтуынша, басты идея – келген қонақтарды Андерсеннің шығармашылығымен таныстырып, ертегі оқуға ынталандыру.