АҚШ соты Дональд Трамптың компаниясына айып тақты

АҚШ-та сот бұрынғы президент Дональд Трампқа тиесілі Trump Organization компаниясына айып тақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нью-Йорк қаласына қарасты сот бірлестік салықтан жалтарып, өтірік құжаттар жасады және ірі көлемде ақша жымқырды деп отыр. Іске байланысты компанияның топ менеджері басты айыпталушы ретінде қарастырылуда. Алайда 73 жастағы бизнесмен өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Дональд Трамп болса, істің саяси астары барын айтады.

Алан Футерфас, Trump Organization компаниясының адвокаты:

- Біз бұл істе жеңіп шығамыз деп ойлаймын. Өйткені мұнда саяси астары басым әрі қуғындау көрініс беріп отыр. Прокурорлар саяси қысымның құрбанына айналуы мүмкін. Мұндай жағдай жемқорлық жайлаған елде ғана болады. Сондықтан біз оған жол бермеуіміз керек.

Ал прокуратура бұған дейін компанияның барлық құжатын тексертінін мәлімдеген. Себебі бұрынғы президенттің 2016 жылғы сайлау науқаны кезіндегі қаржылық есептері күмән тудырған. Мысалы, Дональд Трамп соңғы 10 жылда табыс салығын төлемеген.

Сондай-ақ...