424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

#MeToo: АҚШ-та екі жыл түрмеде жазасын өтеген Билл Косби бостандыққа шықты

  • 115
  • UPD: 12:34, 02.07.2021
#MeToo: АҚШ-та екі жыл түрмеде жазасын өтеген Билл Косби бостандыққа шықты

АҚШ-та екі жыл түрмеде жазасын өтеген танымал әртіс, сайқымазақшы Билл Косби бостандыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пенсильвания штатының Жоғарғы соты оған тағылған «әйел зорлады» деген айыптың күшін жойды. Сот Косбиге 2015 жылы басталған істі тыңдау әділетті жүргізілмеген деген шешімге келді. 2018 жылы алқабилер соты Билл Косби баскетболшы Андреа Констандты өз үйінде зорлады деп таныған. Осы істен кейін әртістің үстінен тағы ондаған әйел шағым түсірген еді.

Хабар 24 телеарнасы