Джефф Безос 82 жастағы қарт әйелдің арманын орындады

82 жастағы Уэлли Фанк есімді кейуана «Амазонның» негізін қалаушы миллаирдер Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарт әйел өмір бойы ғарышкер болуды армандаған. Ол тіпті 60-жылдары әйелдерге арналған ғарыш бағдарламасына қатысқан. Бірақ жоба жүзеге аспай, ғарышқа аттана алмады. Ал әлемдегі ең бай адамның ғарышқа сапары осы айдың 20-сына белгіленген. Онда Уэлли Фанкпен бірге Безостың бауыры Марк және тағы бір адам ұшады. Соңғысы ғарышқа сапарды аукционда 28 миллион долларға ұтып алған.