424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ әскері 20 жыл өз бақылауында ұстаған Баграм әуе базасынан шығып кетті

  • 146
  • UPD: 23:52, 02.07.2021
АҚШ әскері 20 жыл өз бақылауында ұстаған Баграм әуе базасынан шығып кетті

АҚШ әскері 20 жыл бойы өз бақылауында ұстаған Баграм әуе базасынан шығып кетті.

Ел астанасы Кабулдан 60 шақырым қашықтықта орналасқан бұл әуежай Ауғанстандағы американдық әскердің ең ірі тірегі саналатын. Бұл АҚШ тарихында ең ұзақ жалғасқан соғыс аяқталуға жақын екенін білдіреді. Ең қызығы, әскер әуе базаны шу шығармай тастап кеткен. Тіпті жергілікті билік те бұдан хабарсыз болған.

Дарваиш Рауфи, Баграм ауданының әкімі:

- Өткен түнде АҚШ әскері аудан мен өңірдің әкімшіліктерімен еш келісім жасамай, Баграм әуе базасынан кетті. Ресми түрде бізге хабарлаған жоқ. Бүгін таңертең бірнеше қарақшы Баграм әуежайына шабуыл жасағанда ғана білдік. Абырой болғанда, аудан әкімшілігі шұғыл шара қабылдап, қаскөйлер көздегендеріне жеткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы