424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция Сенаты вакцинаға қатысты ұсыныс жасады

  • 121
  • UPD: 10:10, 03.07.2021
Франция Сенаты вакцинаға қатысты ұсыныс жасады

Франция Сенаты 18-59 жас аралығындағы азаматтардың вакцина алуын міндеттеуді ұсынды.

Арнайы комиссиясы Пастер институты мен Ұлттық зерттеулер институтының болжамдарын зерттеп, осындай тұжырымға келді. Халқының жартысынан көбі екпе салдырса да, күзде Францияда індеттің төртінші толқыны басталып кетуі мүмкін. Ал денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпашылық былтырғыдай болмақ. Сенаторлар Үкіметке шілденің аяғына дейін медицина қызметкерлерін, ал осыдан кейін бүкіл ересек азаматтарын  вакциналауға міндеттеу мәселесін шешуді ұсынды. Осы бастамаға Францияның Жоғары ғылыми Кеңесі өз бағасын беруі тиіс. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында апта сайын оқушыларды коронавирусқа тестілеу нұсқауы берілді. Елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тез арада кем дегенде 10 млн адамды вакциналау қажет.

Бернар Жомье, сенатор:

– Медицина қызметкерлеріне вакциналауды міндеттеу мәселесін тез арада шешу керек. Бұл аса қиындықты туғызбайды. Оған қоса 18 бен 59 жас аралығындағы азаматтарымызға да екпе салуды міндеттеу мәселесін көтеру керек. Өйткені қолымыздағы деректер бойынша, вирусты ең көп тарататын осы топ. Ал олардың арасында вакцина алғандар аз.

Хабар 24 телеарнасы