Венесуэлада кубалық вакцина егіле бастады

Венесуэла халықты Куба шығарған Абдала вакцинасымен еге бастады.

Жуырда Каракас тұрғындары екпе салдыру үшін бас әскери госпитальдің алдында ұзын кезекке тұрды. Қазан айына дейін елге осы препараттың 12 миллион дозасы жеткізуліге тиіс. Кейбір ғалымдар Абдала вакцинасының сынағы әлі аяқталмай, оны әлемдегі ешбір бақылаушы орган қолдамағанына алаңдап отыр. Алайда өндіруші компанияның өкілдері препарат өз тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдегенін алға тартып отыр.

Еске салып кетейік, мұнай қорына бай болғанымен Венесуэла соңғы жылдары ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп отыр.

Педро Альменарес, өндіруші компанияның өкілі:

– Абдала вакцинасы толығымен қауіпсіз деп сеніммен айтуға болады, оны мұндай зерттеулер мен екпелерді бұрын-соңды жасап көрмеген ел ойлап тауып отырған жоқ. Куба соңғы 30 жыл бойы инновациялық медицинасын дамытудағы жетістіктерімен әйгілі екені белгілі.

 

Сондай-ақ...