Канадада жеке тұрғын үй өрттеніп, жеті адам көз жұмды

Канадада жеке тұрғын үй өрттеніп, жеті адам көз жұмды

Канаданың Альберта провинциясында жеке тұрғын үй өртеніп, жеті адам, оның ішінде төрт бала көз жұмды.

Қайғылы оқиға Альбертаның әкімшілік орталығы Калгари қаласынан 16 шақырым жерде орналасқан Честермере қаласында болды.

Мәліметтер бойынша, үйде екі мұсылман отбасы тұрған. Өрт таңертең белгісіз себептерден шыққан. Бес адам құтқарылды.