Жапонияда көшкін жүрді: үйлер қирап, 20 адам зардап шекті

Токионың Сидзуока префектурасының Амами қаласында қатты көшкін жүрді.

Салдарынан кем дегенде 20 адам жарақаттанып, 10 үй қирады, деп хабарлады Киодо ақпарат агенттігі.

Мәліметтер бойынша, көшкін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да жүрген. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары басталды.