Португалияда коменданттық сағат енгізілді

Португалияда Дельта дертінің тым тез таралуына байланысты елдің бірқатар аймағында коменданттық сағат енгізілді.

Енді тұрғындар түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейін көшеге шыға алмайды. Ал кафе-мейрамханалар жұмыс уақытын қысқартулары тиіс. Тәртіптің сақталуын полицейлер қадағалайды.

Айта кетейін, соңғы уақытта Португалияда мутацияның жаңа түрі кеңінен етек жайып барады. Қолда бар мәлімет бойынша, вирус жұқтыру деректерінің жартысынан астамы Дельтамен байланысты.

 

Сондай-ақ...