Кариб аралдарына «Эльза» дауылы соқты

Кариб теңізіндегі Барбадос пен Сент-Винсент аралдарына «Эльза» дауылы соқты.

Соның салдарынан мектептер, кәсіпорындар мен әуежайлар жұмысын тоқтатты. Нөсер мен екпінді желден электр қуаты жүйелері істен шығып, үйлер зақымдалды.

Айта кетейік, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.