Майамиде көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды

Оған бетон және электрмен жабдықтау жүйесіндегі ақаулар себеп болды. Осының салдарынан үйдің опырылып түсу қаупі бар.

Естеріңізге сала кетейік, маусымның 24-інде дәл осы Майамиде бір тұрғын үй құлаған еді. Сөйтіп 22 адам қаза тауып, жүзден астам кісі із-түзсіз жоғалып кетті.