Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Бұл туралы Өзбекстанның Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты бәрқатар әлеуметтік желілер шектелген. 2 шілдеден бастап Интернет ресурстары анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін «Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне» енеді. 

Кешелі бері көрші ел тұрғындары скайп, вконтакте және тик-ток қосымшаларының жұмысы баяулағанын айтуда. Бұған дейін бұл мемлекеттік орган Mail.ru Group, Twitter және WeChat әлеуметтік желілеріне талапты орындау жөнінде ұйғарым шығарған болатын. Ал аталған компаниялар тарапынан осы күнге дейін ешбір жауап келген жоқ.