Жапониядағы көшкін: ондаған адам үйлерінде қамалып қалды

Жапонияның Атами қаласының өртке қарсы қызметі тұрғындардан қатты көшкіннен кейін үйлерінде қамалып қалғаны туралы кем дегенде 10 хабарлама алған.

Токионың Сидзуока префектурасының Амами қаласында қатты көшкін жүріп, бірнеше үй қирады. Қазіргі уақытта 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Апат аймағында жергілікті полиция мен өрт сөндіру қызметінің іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Мәліметтер бойынша, жағалау күзеті порт аумағында екі адамның мәйітін тапқан, оларды көшкін айдап әкелген болуы мүмкін. Деректер тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ...