Жапонияда лай көшкінінен ондаған адам жоғалып кетті

Жапонияда жойқын лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 20 шақты адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбадан лай судың автокөліктер мен үйлерді шайып өткені байқалады. Екпіні де қатты көрінеді. Апаттан 3 мың үй жарықсыз қалған. Қазір оқиға орнында құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жапонияның орталық және шығыс бөлігінде нөсер толастамай тұр. Кей аудандарда тіпті 600 миллиметр жауын түсіпті.