Шри-Ланкада жүздеген теңіз мақұлығы жағаға шығып қалды

Шри-Ланка өз тарихындағы ең ірі экологиялық апатты бастан кешіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті химикаттар артқан кеменің отқа оранып, суға кетуінен теңіздегі мақұлықтар қырылды. Жүздегені жағаға шығып қалған. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарды мақұлықтарға жақындамауға шақырып жатыр. Себебі қай-қайсысы да улы болу мүмкін. Маусымның басында Үндістаннан шыққан жүк кемесі Сингапурге барар жолда өртеніп, кейін суға батқан еді. Болжам бойынша апатқа борттан шыққан азот қышқылы себеп болуы мүмкін. Енді осы іске қатысты Шри-Ланка билігі кеме капитаны мен экипажын сотқа беріп, шығынды толығымен өндіріп алуды көздеп отыр.