Индонезияда шектеу шаралары күшейтілді

Индонезияда ковидке қарсы шектеу шаралары күшейтілді. Енді шілденің жиырмасына дейін азаматтардың жүріп тұруына бірқатар шектеу қойылады.

Яғни тұрғындардың кафе-мейрамханаларға баруына, көшеде спортпен айналысуына тыйым салынады. Билік өкілдерінің мұндай шешім қабылдауына елдегі эпидахуал себеп болды. Өйткені соңғы жарты айда вирус жұқтыру деректері екі жарым есеге артып кеткен. Тек өткен тәуліктің өзінде 26 мыңдай адамнан қауіпті инфекция табылған. 

- Азаматтар қабылданып жатқан ережелерді орындаулары керек деп ойлаймын. Бұл уақытша ғана. Себебі көп ұзамай елде вирус жұқтыру деректері біршама азаяды деп сенемін.