Грузияда қайта өңделген пластиктен USB сымын жасайтын стартап пайда болды

Бөтелке қақпағынан жасалған USB-кабель. Грузияда қайта өңделген пластик бұйымдарынан қуаттау сымдарын жасайтын стартап пайда болды.

Ол үшін тек қарапайым бөтелке қақпақтары керек көрінеді. Бірақ оны қажетті мөлшерде жинау үшін жоба авторлары азаматтарға әр 50 қақпаққа бір кабельден беруді ұсынған. Сөйтіп, екі айдың ішінде бас-аяғы 100 мың қақпақ жиналған. Енді ай сайын шамамен 3 мың USB-кабельден сатып жатыр екен.