Филиппинде 85 адам мінгескен әскери ұшақ құлады

Филиппинде әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 85 адам болған. 40-қа жуығы құтқарылған.

Ал «Вашингтон Пост» 17 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, С-130 ұшағы Холо аралына қонар кезде құлаған. Бірақ оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ...