424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брюссельдің басты символы саналатын мүсін қазақы шапан «киді»

  • 169
  • UPD: 16:06, 04.07.2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және елорда күні қарсаңында Брюссельдің бас символының бірі саналатын «Маннекен Пис» қазақтың ұлттық киімін киді.

«Тіл-Қазына» мәдени орталығының бастамасымен және Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен әйгілі бала мүсінге ақ шапан жабылып, бөрік кигізілді. Жульен есімді бала мүсіннің өзге мүсіннен ерекшелігі сол, ол атаулы күндерде киім киіп қалады. Бұл дәстүр осыдан 300 жыл бұрын пайда болған. Содан бері мүсін 1 мыңнан астам киім киіп көріпті.

- «Maннекен Пис» Брюссельдің бас символы. Оның достары өте көп. Оны киіндіру бүкіл әлем мәдениеттеріне бас ию дегенді білдіреді. Бүгін міне ол қазақтың ұлттық киімін киді. Өз басым Қазақстан елін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

- Біз Франциядан келген туристпіз. Демалыс күндерін Брюссельде өткізуді шешкен едік. Осында келіп, «Маннекен Пис» пен Қазақстан жайлы естідік. Бүгін дәл сол бала мүсін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық киім киінетінін білдік.

Хабар 24 телеарнасы