Жапонияда лай көшкінінен 2 адам қайтыс болды

Жапонияның  Атами қаласында лай көшкінінен 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Лай көшкінінен ондаған үй қирап, жүзге жуық нысан зақымдалды.

Кеше жапон жерінде жойқын лай көшкіні жүрген еді. Екпіні қатты болғаны сонша, жолындағының бәрін шайып өтті. Бір мезетте 3 мың үй жарықсыз қалды.