Кубада дауылдан 180 мың адам эвакуацияланды

Кубада дауылдан 180 мың адам эвакуацияланды

Кубаға «Эльза» дауылы жақындап, 180 мың адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл аралды елдің шығысына жақындаған. Ұйытқыған желмен бірге қалың жаңбыр жауып, су тасқыны жүретіні ескертілді. Дауыл Кубаны басып өткен соң АҚШ-тың Флорида штатына бет алуы мүмкін деп болжанып отыр. Осыған байланысты аймақ басшылығы 15 округте төтенше жағдай жариялады. Мұнда да жаңбыр жауып, су тасқыны болады деген қауіп бар.