Кипрдің оңтүстігінде лаулаған орман өрті жартылай сөндірілді

Кипрдің оңтүстігінде орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мамандар «жел тұрса, от қайта тұтануы мүмкін» деп отыр.

Еске сала кетейік, өткен сенбі күні Кипрдің оңтүстігінде орман өртеніп, қызыл жалын 50 шаршы шақырымға жайылып үлгерген еді. Табиғат апатынан 4 адам опат болды. Таулы аймақтағы 8 ауылдың тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, Израиль мен Еуропаның бірнеше елі көмек жіберді. Жергілікті билік елде мұндай алапат өрт бұрын-соңды болмағанын айтады. Оқиғаға байланысты өртті қасақана қойды деген күдікпен бір фермер ұсталған. Бірақ Кипрде бір аптадан бері аптап ыстық.