Ұлыбритания халқы маска тағуға міндеттелмейтін болды

Ұлыбритания халқы жуырда маска тағудан босатылады.

Бұл туралы тұрғын үй құрылысы, аймақтық және жергілікті басқару істері министрі Роберт Дженрик мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде британ халқының басым бөлігі вакцина алған. Енді ел азаматтары коронавируспен бірге өмір сүруге бейімделу керек. Роберт Дженриктің сөзінше, алдағы аптада үкімет басшысы Борис Джонсон коронавирустық шектеулерге қатысты жан-жақты түсініктеме береді. Негізі елдегі шектеу шараларының біраз бөлігі маусымның 21-інен бастап күшін жоюы керек еді. Бірақ коронавирустың «Дельта» штамына байланысты ол 19 шілдеге дейін ұзартылды.