Каталонияда індет қайта күшейді

Испанияның Каталония аймағында коронавирустың таралуы қайта күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 мыңнан аса адам жұқтырды. Билік дертке 30 жасқа дейінгі жастар көп шалдыға бастағанын айтады. Мамандар оған маусым айында елде карантиндік шектеулерді жеңілдету себеп деп отыр. Тыйымдар алынған соң жастар екпе салдырмаса да, топ-топ болып жиналып, сақтық шараларын сақтауға немқұрайлық танытуы жиілеген.