Жерорта теңізінде 67 мигрант құтқарылды

Соңғы уақытта Италияға бет алған мигранттар қарасы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Норвегиялық кеме Жерорта теңізінде тағы 67 мигрантты құтқарды. Олардың арасында 20-дан астам бала бар. Ресми дерекке сүйенсек, Италияға биыл 20 мыңнан аса мигрант табан тірепті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп. Былтыр Апеннин түбегіне 7 мыңнан аса босқын келген.