Жапонияда лай көшкіні жүрген аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Жапонияда сенбі күні лай көшкіні жүрген Атами қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 адам қаза тауып, 20 тұрғын жоғалып кеткен. 25 адам құтқарылды. 3 мыңға жуық кісі жарықсыз қалды. Көшкін 130 үйді шайып кеткен. Бірер күн бұрын Жапонияның Сидзуока префектурасында толассыз жауған жаңбырдан лай көшкіні жүрген еді.