Майамиде опырылған үйдің қалған бөлігі бұзылды

АҚШ-тың Сёрфсайд қаласында құлаған 12 қабатты тұрғын үйдің қалған бөлігі бұзылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар дүлей жел кешеннің қалған бөлігін қиратып кетуі мүмкін дейді. Маусымның 24-і күні АҚШ-тың Майами қаласына жақын жағажайда 12 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 24 адам опат болды. Қазірге дейін 121 адамның тағдыры белгісіз.