Таиландта химиялық зауыттағы жарылыстан адам қаза тапты

Таиландта химиялық зауытта жарылыс болып, 1 адам ажал құшты.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, тағы 20-дан астам кісі жарақат алған. Жарылыс ел астанасы Бангкок маңындағы түйіршіктелген полиэтилен өндіретін зауытта болған. Алапат өртке ұласқан оқыс жағдайға байланысты 5 шақырым аумақтағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Олар мектепке орналастырылды. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз.