424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей «Спутник V» вакцинасын жасөспірімдерге сынауды бастады

  • 159
  • UPD: 17:21, 05.07.2021
Ресей «Спутник V» вакцинасын жасөспірімдерге сынауды бастады

Мәскеуде «Спутник V» вакцинасын жасөспірімдерге қолдану үшін зерттеу басталды. Сынаққа 100 адам қатысып жатыр. Еріктілер ПТР-тест тапсырып, медициналық тексерістен өтеді.

Ресей астанасы әкімшілігінің хабарлауынша, зерттеу бір жылға созылады. Осы аралықта балалар дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Сынақ 3 кезеңнен тұрады. Үшінші кезеңге еріктілерді қабылдау күзге қарай басталады. Зерттеу нәтижесіне байланысты «Спутник V» вакцинасын 12-17 жастағы балаларға қолдану бойынша шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы