Францияда егде жастағы тұрғындардың 20% вакцина қабылдаудан бас тартты

Франция премьер-министрі Жан Кастекс парламентке тиісті заң жобасын қарастыруды ұсынды.

Мұндай шұғыл шара қолдануға қарттар үйлерінде коронавирусқа байланысты өлім-жітім мен жұқтыру деңгейінің артуы себеп. Жалпы елде вакциналау науқаны өте баяу жүріп жатыр. Жүргізілген сауалнамаға қатысқан егде тұрғындардың 20 проценті екпе қабылдаудан бас тартатынын айтқан. Ресми дерек бойынша қарттар үйлерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің 60 процентке жетер-жетпесі, ал аурухана қызметкерлерінің 64 проценті ғана Ковид-19-ға қарсы  егілген. 

Оливье Веран, Францияның денсаулық министрі

- Бүгінде қарттар үйінде күніне бір немесе екі адамнан көз жұмып жатыр. Неге? Себебі қариялар вакцина салдырғанымен екпе алмаған адамдар вирусқа шалдығып жатыр. Науқастар иммундық қорғанысы әлсіз қарттарға жұқтыруы мүмкін.

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Дельта штамы өте жылдам таралып жатыр, жұғу деңгейі аптасына 2 есеге жуықтап қалды. Қазір бізде тіркелген науқастардың 30 проценттен астамы дельта штамымен байланысты.