Филиппинде әскери ұшақ апатынан қаза тапқан адам саны 52-ге жетті

Филиппинде әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 52-ге жетті. Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

51 адам жарақат алған. Арасында әуе кемесі құлаған жерде болған 4 тұрғын бар.

Таяуда Филиппиннің Сулу провинциясында «С-130 Геркулес» ұшағы ұшу алаңына қона алмай көкке қайта көтеріле бергенде құлаған еді. Бортында 96 адам болған. Олардың 8-і экипаж мүшесі. Алдын ала тергеу бойынша қайғылы оқиға ұшқыш қателігінен болған болуы мүмкін.