Сочиді топан су басты

Сочиде 4 шілдеден бері толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты.

Салдарынан Хорота және Мацеста өзендері арнасынан тасып жатыр. Күшті жел тұрып, екпіні секундына 22 метрге жетті. Сочиде 34 ағаш құлаған. Солардың бірі бір адамды басып қалып, көз жұмған. Кейбір жерде электр желілері үзіліп, жарық өшті. Билік тұрғындарға барынша сақ болуды ескертіп, жағдай мұнан да қатты ушықса, қауіпсіз жерге көшіретінін мәлімдеді.