АҚШ, Майами: Үйдің құлауынан опат болғандар саны артты

АҚШ-тың Сёрфсайд қаласында 12 қабатты үйдің құлауынан қаза тапқандардың саны артып, 28-ге жетті.

Өткен күні апаттан аман қалған кешеннің бір бөлігі бұзылған соң құтқару жұмыстары қайта басталып, мамандар үйінділер астынан тағы бірнеше адамды тапты. Бірақ әлі 117 тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Еске сала кетейік, маусымның 24-і күні АҚШ-тың Майами қаласына жақын жағажайда 12 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлаған болатын. Апаттың себебі әлі анықталып жатыр.

Сондай-ақ...