АҚШ-тың Мичиган штатында жойқын жарылыс болды

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Уоррен қаласында тұрғын үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды.

Оқиғадан 1 адам мерт болды. 40 жастағы марқұм жарылған үйде табылды. Тағы екі пәтер мен 15 ғимарат зақымдалды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Құтқарушылар аймақ тұрғындарының барлығын эвакуациялады. Жарылыстың нақты не себептен болғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі жалғасып жатыр. Болжам бойынша тұрмыстық газ жарылуы мүмкін.