Грузияда халықты жаппай вакциналау науқаны басталды

Грузия коронавирусқа қарсы күресте жаңа кезеңге өтті.

Елге тиісті мөлшерде препараттар жеткізіліп, халықты жаппай вакциналау науқаны басталып кетті. Осыған дейін елде екпе егу баяу жүрген еді. Бұл негізінен препаратты жеткізудегі қиындықтарға байланысты болды. Салдарынан вакцинаны толық алғандар саны 3%-ке де жеткен жоқ.

Ираклий Гарибашвили, Грузия Премьер-министрі :

Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған қытайлық вакцинаның бір миллион дозасын алдық. Бұл Синофарм мен Синовак. Сондай-ақ, Пфайзер вакцинасының ірі мөлшерін күтіп отырмыз. Бір миллион дозасына келісім-шарт рәсімделіп, ақшаны аудардық. Осылайша жылдың соңында бізде 4 миллион вакцина болады. Мақсатымыз – сол мерзімге дейін халықымыздың 60%-не екпе егу.

Дүйсенбіде екпе егу бөлмелері ашылды. Алайда вакциналау науқанының басталуын қасқөйлер бүлдіре жаздады. Сенбі күні азаматтар екпе салуға жазылып жатқан денсаулық сақтау министрлігінің сайтына кибершабуыл жасалды. Күні-түні үзіліссіз жұмыс істеген техникалық топ деректерді қалпына келтіре алды.  

Тамара Габуния, Грузия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Алдағы екі күнде азаматтар екпеге жазыла алатын колл-орталықтарын ашамыз. Олар вакциналау бағдарламасына қатысатын 150 медициналық мекемеде жұмыс істейді.

Техникалық қиындықтарға қарамастан, бір тәулікте денсаулық сақтау министрлігінің сайтында 14 мыңнан астам адам тіркелді. Үкімет осы айда күн сайын 25 мың азаматқа екпе егуді көздеп отыр. Бұл мақсатта 350 медициналық топ жұмылдырылды.

Авторы: Юлия Тужилкина