Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны күшейту үшін 20 мың әскер орналастырды

Тәжікстан Қорғаныс министрлігі Ауғанстанмен шекараны күшейту үшін 20 мың әскерді орналастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім Ауғанстанның солтүстігіндегі провинцияларда тәліптердің шабуылы күшейіп, ахуалдың шиеленісуіне байланысты қабылданды. Шілденің 5-і күні Тәжікстан өз шекарасын 1 мыңнан аса ауған әскері кесіп өткенін хабарлады. Олар тәліптермен қақтығыс кезінде шегініп, тәжік аумағына қарай өтуге мәжбүр болған. Ал қарулы топтар Тәжікстанмен шекаралас 6 уезді толық бақылауына алған.

Сондай-ақ...