Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 4 адамға жетті

Жапонияның Атами қаласында болған лай көшкінінен қаза тапқандар саны 4 адамға жетті. Тағы 24 адамның өмірі беймәлім, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жергілікті билік ондаған адам өлім аузынан аман қалғанын хабарлайды.

Табиғат апаты шілденің 3-і басталған болатын. Көшкін 2 шақырымға дейін созылды. Салдарынан жүздеген ғимарат пен баспана қирады.

Лай көшкініне бірнеше күн жауған нөсер себеп болды.