424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды

  • 110
  • UPD: 16:20, 06.07.2021
Өзбекстанда барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды фото: inform.kz

Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты барлық бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиісті шешім жақында коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссияда қабылданды.

«Мұнда барлық мерекелік бұқаралық іс-шаралар, спорттық шаралар сондай-ақ концерттер, фестивальдер, театр және кинокөрсетілімдер туралы айтылып отыр. Шараның қай жерде өтетіні – ашық алаңда немесе жабық ғимаратта ұйымдастырылуы маңызды емес, бәріне шектеу қойылады. Ал спорттық жарыстарды жанкүйерлерсіз өткізуге болады», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 1 тамыздан бастап Өзбекстан аумағында той, жерлеу және басқа да отбасылық шаралар өткізудегі санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын бақылау күшейтіледі және оған қатысушылар саны 50 адамға дейін шектеледі

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл тыйымдар коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша күшінде болады.

Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты карантиндік талаптар күшейтілді.

Өзбекстан астанасы екі апталық карантинге жабылды.

Ташкенттегі төсек қорын кеңейту үшін 2 мың орындық резерві бар ковидтік орталықтар ашылды. 

 

Хабар 24 телеарнасы