424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камчаткада құлаған ұшақтың сынықтары табылды

  • 154
  • UPD: 18:44, 06.07.2021
Камчаткада құлаған ұшақтың сынықтары табылды

Камчаткада Палана кентінің маңында құлаған «Ан-26» жолаушылар ұшағының сынықтары табылды.

Бұл ақпаратты рейске жауапты әуе компаниясының басшысы растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәлімет бойынша апаттан ешкім тірі қалмаған. Әуе кемесі бүгін бірнеше сағат бұрын радарда көрінбей, жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 6 экипаж мүшесі мен 22 жолаушы болған, арасында бала бар.

Владимир Солодов, Камчатка аймағының губернаторы:

- Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға ұшақ айнала дұрыс көрінбегендіктен екінші айналымға кеткен кезде болған. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің болжалды сынықтары Палана ауылының солтүстігінен 5 шақырым жерден табылды. Ұшақтың негізгі корпусы жағалауда, басқа бөліктері жағаға жақын суда жатыр. Осы деректерді нақтылап, растау үшін сынықтар табылған орынға мамандар бара жатыр.

Хабар 24 телеарнасы