424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі кезінде 150 адам оққа ұшты

  • 83
  • UPD: 21:58, 06.07.2021
АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі кезінде 150 адам оққа ұшты

АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі тойланған күндері 400-ден астам атыс болып, 150 адам ажал құшты.

Бұл туралы «Қару-жарақ зомбылығы архиві» зерттеу ұйымына сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады. Ең көп өлім-жітім Нью-Йоркте тіркелген. Онда 3 күннің ішінде 26 адам оққа ұшқан. Жалпы бұл шаһарда биыл атыстан қаза тапқандар саны былтырғыға қарағанда 40%-ке өскен. АҚШ президенті Джо Байден 23 маусымда Қылмыспен күрес стратегиясын таныстырған еді. Ақ үй қаруды заңсыз сататындарды жауапкершілікке тартып, орталық үкімет тарапынан жергілікті құқық қорғау органдарына көмек көрсетуді ұсынған.

Хабар 24 телеарнасы